05
октябрь
2022
«Ұстазым менің ұстазым»
Мерекелік кеш тақырыпқа сай «Ұстазым» әнімен басталды. Кеш барысында сөз алған мектеп меңгерушісі С.Т.Берметова ұжым мүшелерін мерекемен шын жүректен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін де табады. Мектептің ардагер ұстазы да өзі жүрек жарды тілектерін білдірді.


