05
сентябрь
2025
Ата аналар жиналысы
Бүгінгі жиналысымыздың мақсаты – бала тәрбиесі мен білім беру мәселелерін бірге талқылау. Бала – біздің болашағымыз, сондықтан оның жан-жақты дамуы үшін мектеп пен ата-ананың бірлескен еңбегі өте маңызды.
Мектепте бала тек білім алып қана қоймай, тәрбие де алады. Ал тәрбиенің негізі – отбасында қаланады. Сол себепті сіздердің қолдауларыңыз бен түсіністіктеріңіз біз үшін аса құнды. Баланың сабаққа жауапкершілікпен қарауы, тәртіпті болуы, жақсы нәтиже көрсетуі – ата-ана мен мұғалімнің ортақ еңбегінің жемісі.
Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігі, бос уақытын тиімді өткізуі, интернетті дұрыс қолдануы да маңызды мәселелердің бірі. Бұл бағытта да сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеуіміз қажет.
Құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде бірлесе әрекет етіп, әрдайым байланыста болайық. Сонда ғана біз саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіре аламыз.