05
декабрь
2025
"Қыста абай бол балақай!"
Қыс мезгілі – әдемі әрі қызықты уақыт. Айнала аппақ қарға оранып, табиғат ерекше көрікке бөленеді. Балалар шанамен сырғанап, аққала жасап, қармен ойнағанды жақсы көреді. Бірақ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды.Ең алдымен, тайғақ жолда абай болу керек. Жүгіріп ойнағанда құлап, жарақат алып қалуың мүмкін. Сондықтан асықпай, байыппен жүрген дұрыс. Сондай-ақ жолдан өткенде мұқият болып, көліктерге назар аудару қажет.
Қыста жылы киіну де маңызды. Бас киім, қолғап, шарф тағып, денеңді суықтан қорға. Суық тисе, ауырып қалуың мүмкін.
Мұз үстінде ойнау өте қауіпті. Әсіресе, өзен-көлдердің мұзы жұқа болуы мүмкін. Сондықтан үлкендердің рұқсатынсыз мұзға шықпа.
Қыс – керемет мезгіл. Бірақ қауіпсіздік ережелерін сақтасаң ғана, қысқы қызықтың бәрін аман-есен тамашалай аласың. Абай бол, балақай!